13 Қырқ 2021
Страницы KZ «Атырау облысы білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің «Құрманғызы мектебі» КМҚК

Біз туралы

Құрманғазы  атындағы  балалар саз мектебі  1949 жылы  Қаз.ССР – ның  минстрлер кеңесінің қаулысымен  Гурьев қаласында облыстық  өнер бөлімінің жанынан балалар музыка мектебі ашылды.

Мақсаты өнерлі, дарынды балаларға жалпы музыкалық  білім беру  және  музыка училищесіне  оқушыларды  дайындап болашақ музыка өнеріне өрлеп самғауға жол ашу.  Балалар музыка мектебінің 70 жылдан аса тарихы бар. Мектебіміздің  түлектері қәзіргі таңда өнердің әр-түрлі саласында жемісті еңбек етуде.  Құрманғазы  атындағы балалар музыка мектебі жанынан  3 саз сыныптары жұмыс жасайды.

  1. №19 орта мектеп жанындағы №1 саз сыныптары
  2. Теміржол ықшам ауданындағы №2 саз сыныптары
  3. Туберкулез ауруының шамалы және бәсеңдеген түрімен ауыратын балаларға арналған №4 облыстық шипажайлық мектеп интернат жанындағы саз сыныптары

 

Мектепте барлығы  72 – мұғалім, фортепиано, скрипка, домбыра-тенор, прима-қобыз, қыл-қобыз, баян, ән-терме, шертер, вокал мамандықтары бойынша дәріс береді. Жоғары білімді – 56, арнаулы орта білімді – 16. Жоғары санатты мұғалімдер – 29, бірінші санатты – 14, екінші санатты -6, санатсыз – 22. Мектебімізде жас мамандар саны 15-ке жуық.

Мектеп ғимараты  типтік стандартқа сай салынған. 150 орындық концерт залы бар. Әр аспап  бойынша кабинеттер  жабдықталған. Мектепке 40 оқушыдан  құрылған қазақ ұлт-аспаптар оркестрі,сырнайшылар ансамблі, скрипкашылар ансамблі, қобызшылар және термешілер ансамблі,  кіші және үлкен хор ұжымдары,  вокалды ансамбльдер жұмыс жасалып қалалық,  облыстық, республикалық шараларға белсене қатысып келеді. Мұғалімдердің шығармашылығын, орындау шеберлігін арттыру мақсатында мұғалімдер оркестрі  жұмыс жасайды. Жаңадан ұлттық киімдермен әртүрлі  аспаптармен жаңартылып отырады. Мектептің  материалдық техникалық  базасы   90%  қамтылған. Оқушылардың  білім сапасын арттыру мақсатында, мектепке музыкалық аспаптарды жаңарту  концерт роялі, концерттік  домбыра,  қобыз, баян аспаптары алынуда. Теориялық сабақтарда  жаңа технологиялармен сабақ жүргізіледі. Оқушылардың  білім берудегі көрсеткіштерін әдетте республикалық, халықаралық  өнер байқаулары  анықтайды. Көптеген оқушыларымыз Франция, Австрия, Венгрия, Германия, Польша, Англия мемлекеттерінде болып, өз өнерлерін көрсетіп жүлделі орындарға ие болды. Мектебіміз  тірек  мектебі болғандықтан білім  жетілдіру институты қолдауымен облыстық, қалалық семинарлар, шеберлік сынып сабақтары  өткізіледі.               

Қосымша  білім беру  ұйымдары білімнің  адам өмірі мен қоғамдағы рөлін  балаларға түсіндіру арқылы олардың білімге, өнерге, мәдениетке деген  қызығушылығын, ынтасын оятып, жеке  қажеттіліктерін қанағаттандандырады.  Балаларға  қосымша білім беру – үздіксіз білім берудің ажырамас  бөлігі, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, жеке  тұлғаны өздігінен  дамытуға, шығармашыл, дарынды балаларды анықтауға, оларға қолдау  көрсетуге және  балалардың құқықтарын  қорғауға бағытталған  көп  деңгейлі  білім жүйесі болып табылады.